Оқушылар сарайындағы ертегі-сабақ

27 ақпан күні 2019 жылы Оқушылар сарайының «Тілашар» және «Сөз өнері» үйірмелерінің жетекшілері Зәмзәгүл Ботанова мен Елдос Жалғасбаевтың ұйымдастыруымен орыс халқының «Үйшік» ертегісінің желісі бойынша ертегі-сабақ өткізілді. 

Сабақтың мақсаты: балаларды ертегі тыңдауға, байланыстырып сөйлеуге және өтілген тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге және жұмбақтардың шешімін таба білуге үйрету, балалардың сөздік қорын байыту.

Сабақ басталмас бұрын педагог оқушылармен «Шаттық шеңберін» құрып, қазақ тілінде достыққа, бірлікке шақыратын өлең жолдарын барлығы бірге айтып шықты. Сабақ барысында оқушылар «Үйшік» ертегісінің желісі бойынша рөлдерге бөлініп, сомдады. Сонымен қатар, кейіпкерлердің берген:  жұмбақтар шешу, ертегілердің атауларын табу, сөздерден сөйлемдер құрастыру, бірден онға дейін қазақша, орысша, ағылшынша санау және тағы басқа тапсырмаларды орындады. Кішкентай көрермендер де тапсырмаларды орындауға атсалысып отырды. Оқушылар «Қошақан», «Туған күн» әндерін нақышына келтіре орындады.  Екі үйірменің де оқушылары сабаққа белсенді түрде қатысып, көрермендердің көңілінен шыға білді.