«Sayat» этно-туристік орталығына серуен-саяхат

26 қыркүйек күні ата-аналардың  қолдауымен «Жас суретші» үйірмесінің жетекшісі А.М. Тлемберлиевамен бірге  үйірме  тәрбиеленушілеріне «Sayat» этно-туристік орталығына серуен-саяхат ұйымдастырылды.  Балалардың денсаулықтарын нығайту,  ойлау қабілеттерін дамыту және бір-бірімен қарым-қатынастарын күшейту  мақсатында балаларға  таза ауада  орталықтың табиғатын тамашалап, атқа мініп, құстармен танысып, олардың дыбыстарын тыңдап, серуендеп табиғат аясында сурет салып, табиғатта тамақтанып, қуаныш сыйлады.