Қалалық білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста! Начни с себя!» акциясы аясында оздырылған «Менің әлемім» семинар-тренингі

Орал қаласының білім беру бөлімінің «Оқушылар сарайы» МКҚК-да қалалық білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста! Начни с себя!» акциясы аясында балаларды әлеуметтік жауапкершілікке үйрету, ынтымақтастық және мейірімділік сезімдерін ояту мақсатында «Менің әлемім» тақырыбында қалалық семинар-тренингі ұйымдастырылды. Семинар барысында балалармен танысу, көніл-күйлерін көтеру және бір –бірімен байланысын нығайту мақсатында «Комплимент» психологиялық тренингі өткізіліп, «Мүсіндеу» және «Қол өнер» шеберлік сыныптары оздырылды. Шеберлік сыныбында ұлдар саз балшықтан құмыра, жануарлардың мүсіндерін жасаса, ал , қыз балалар әшекей бұйымдарын жасады. Шара соңында спорттық алаңда «Көңілді старт» эстафеталық ойындарымен жалғасты.