«Дойбы» және «шахмат» үйірмесі 25 сәуірде сағат 16:00-де 302 кабинетте өткізілді.Сабақтың тақырыбы: шахмат, дойбы ойынының тактикасын және стратегиясын меңгерту. Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, есептеуге, тапқырлыққа, тез шешім қабылдауға үйрету, ой-өрісін дамыту. Ұйымдастыру бөлімінен кейін балаларға жалпы шахмат дойбы туралы түсінік беріліп, олардың шығу тарихи туралы айтылды. Оқушылар дойбышылар және шахматшылар тобына бөлінді. Балалар шеңбер құрып, бір-біріне жақсы тілектер айтты. Ойыншылар қызу жарысқа түсіп, белсенділік көрсетті. Жеңген оқушы келесі жеңімпаз оқушымен ойнады. Екі ойын түрінен ойын жалғасып, жеңімпаз оқушылар марапатталды.
Үйірме жетекшілері: Уразов Қ.Ш., Бекбульсинов Е.Қ.