30 қыркүйек күні кезекті педагогикалық кеңесі ZOOM платформасы арқылы оздырылды. Педагогикалық кеңес барысында өткен оқу жылында атқарылған іс-шаралар талданып,жаңа оқу жылының қол жетімді мақсат- міндеттері мен іс- шаралар жоспары бекітілді. Сонымен қатар жазғы демалыс кезеңдеріндегі іс –шаралар жұмыстарының қорытындысы баяндалды. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Президент жолдауы талданып, жаңа оқу жылына арналған 2020-2021 оқу жылына Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты таныстырылды және ағымдағы мәселелер қаралды. Педагогикалық кеңеске ұжым мүшелері толыққанды қатысты.