2020 жылдың 30 қазан күні Орал қаласының білім беру бөлімінің "Өзіңнен баста! жобасы асында" Оқушылар сарайы " МКҚК-ның ұйымдастыруымен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мен Сарайдың үйірме жұмыстарының өтілу барысын көрсету мақсатында" Үйірмелер әлеміне саяхат" танымдық шарасы оздырылды.
Шара барысында қатысушыларға сарайдың педагог - психологі Б. Ж. Сариева "Қошемет сіздерге!" танысу тренингі жүргізіліп, "Ағылшын тілі" үйірмесінің жетекшісі Н. М Хаасанованың "Halloween party" ойын сабағымен жалғасты.
Қатысушыларға сарайішілік экскурсия жасалып "Бассейн" бөлімі нде бассейн жаттықтырушысы С. Қ. Есенжанның тәрбиеленушілерімен жүргізілген "Жүзудің түрлері" тақырыбында жаттығу сабақтарын тамашаласа, "Әсем-ай" вокал үйірмесінің жетекшісі Г. Т. Габлуллинаның "Дауысыңды тыңда!" дауыстық жаттығулар жасау арқылы дыбысты тыңдау және оны қайталау жаттығуларын бірлесіп орындалды. "Фристайл" бөлімінде " Футбол "үйірмесінің жетекшісі М. Кеңес доппен іс-қимыл жаттығуларының бірнеше түрлерін көрсету отырып, балалармен іс-қимыл жаттығулары жасалды.
Шара соңында "Алған әсерлеріңіз қандай?" тақырыбында қатысушылар мен олардың жетекшілеріне кері байланыс жүргізілді.