Қалалық білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста! Начни с себя!» акциясы аясында оздырылған «Спорт – сенің серігің!» семинар – тренингі

2020 жылдың  27  қараша  күні Орал қаласының білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста!» жобасы аясында  «Оқушылар сарайы»  МКҚК-ның ұйымдастыруымен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мен Сарайымыздың үйірме  жұмыстарының өтілу барысын көрсету мақсатында «Спорт - сенің серігің»  танымдық шарасы оздырылды.

Шара барысында Сарайымыздың медбикесі Р.Б.Шукеева «ЖРВИ  мен тұмаудың алдын алу» тақырыбында  қатысушыларға дәріс сабақ өткізсе, Сарайымыздың педагог-психологы  Б.Ж.Сариева «Бәріміз бірге» тренингін жүргізді. Шарамыз спорт үйірмесінің жаттықтырушылары Х.М.Еркингалиева мен Д.Шариповтың ұйымдастыруымен "Көңілді старт" эстафеталық ойындарымен жалғасып, "Бокс" үйірмесінің жетекшісі Н.Ж.Орынбаев "Бокстың техникасы және тактикасы" тақырыбында келген қатысушыларға шеберлік сыныбын көрсетіп,  балалармен бірге жұмыстанды.