♦️ Сүйінші!!! Сәбит Даниял 2-ші мәрте “Ел чемпионы” атанды.
Алғаш рет бокстан жастар арасында 2019 жылы 46 келі салмақ дәрежесінде “Қазақстан чемпионы” атанған Даниял, 2020 жылы Шымкент қаласында өткен 48 келі салмақ дәрежесінде ересектер арасында ҚР чемпионы атанды.
♦️ Ал, бүгін Қарағанды қаласында өткен “Ел чемпионатында” 51 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанып отыр. 7 күнге созылған чемпионатта ҚР ең мықты боксшылары өз бақтарын сынады. Даниял 3 жекпе-жек өткізіп, 3-де жеңіске жетті.
♦️Сонымен қатар, Ұлттық құраманың 1-ші нөмірі болып, халықаралық додаларда ҚР намысын қорғайды. Алдағы додаларда біздің чемпионға ел намысын абыроймен қорғайды деп сенім білдіреміз.