Оқушылар сарайының жетістіктері мен материалдық базасын таныстыру мақсатында депутаттар сапарлады

🔹Бүгін Оқушылар сарайының жұмыс барысымен, материалдық базасы және жеткен жетістіктеріне шолу жасау мақсатында Қазақстан Халық партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сұңқар Ислам Еркінұлы мен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Лаврентьев Борис Георгиевич келді.
🔹Қонақтарды Оқушылар сарайының директоры Ш.С.Сисенова күтіп алып, сарайдың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Биылғы жетістіктерге тоқталып, үздік деген үйірме жұмыстары мен жетекшілерді таныстырды. Қонақтарымыз жастар қозғалысын қолдайтынын айтып, алда болатын жоспарларымен бөлісті. Облысымыз бойынша жастар қозғалысына алдағы уақытта көңіл бөлініп, бірнеше жобарлардың іске асатынын мәлімдеді.
🔹Сарайдың жетістіктеріне қуанып, шығармашылық табыстар, жұлдызды шәкірттер мен чемпиондардың ордасы болуын тілеп, сарайымыздың жұмысына оң бағасын берді.

Today 0

Yesterday 33

This week 192

This month 913

All 18699

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска