18 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде дайындалған “Наурызнама” жаңа тұжырымдамасына сәйкес, бүгін 18 наурыз- ұлттық киім күні.

Ұлттық киім күніне орай Оқушылар сарайында Қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен “Ұлттық киім-ұлт мәдениетінің көрінісі” атты ұлттық киім үлгісіндегі сыныптар шеруі өтті. Шеруге 30 ЖОББМ, 37 ЖОББМ, 40 ЖОББМ, 42 МГ, 43 ЖОББМ, 46 ЖОББМ, 47 ЖОББМ, ЭБГ және сән көрсетушілер қатысты.

Ұлыс күніне орай Орал қаласының әкімі Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы мерекелік сөз сөйлеп, барша Қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Шара барысында “Аналар клубы”, “Әжелер мектебі”, “Қыз сыны” жобалары “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының ұлттық салт-дәстүрлі өскелең ұрпақ бойына жеткізуді мақсат еткен жобалар туралы айтылып, “Қыз ғұмыры” композициясы, “Айкөркем” би ансамблі және ұлттық заманауи киім үлгілерінен көрсетілім болды.

Today 33

Yesterday 41

This week 192

This month 913

All 18699

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска