“Бөбекке-жөргек” атты акциясы

”Біртұтас тәрбие” бағдарламасы “Ақпан- жасампаздық және жаңашылдық” айында “Қамқор” жобасы аясында Оқушылар сарайында “Бөбекке-жөргек” атты акция ұйымдастырылды.
Үйірме оқушыларының қоғамға қызмет етуіне қолдау жасау, қайырымдылық пен мейірімділік қасиеттерін арттыру, бір-біріне деген сыйластық сезімдерін ояту мақсатында өткен акцияға барлық үйірме оқушылары мен ата-аналары, үйірме жетекшілері белсенді қатысты. Сонымен қатар, ата-аналар тарапынан жөргекпен бірге көптеген сыйлықтар мен балаларға қажетті заттар тарту етілді.
Барлық жиналған сыйлықтар “Мейірім” облыстық мамандандырылған бөбектер үйіне тапсырылды. Осындай жүрек жылуына толы акцияға қатысқан барша оқушылар мен ата-аналарға үлкен алғысымызды білдіреміз!

Today 13

Yesterday 22

This week 125

This month 170

All 21964

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска