Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналып әдеби-сазды байқау ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні қалалық білім беру бөлімі мен Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен 14 ақпан- халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Поэзия- жастар жүрегінде» жас мамандар арасында Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында әдеби-сазды байқауы өтті.
Байқауға жалпы орта білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарынан барлығы 18 командадан 111 жас маман қатысты.
Шара барысында ақиық ақынның «Ұнатамын мен сені», «Үш бақытым», «Сенің көзің», Моцарт «Жан азасы», «Аққулар ұйықтағанда», «Жүрек», «Сарыжайлау», «Мен деп ойла», «Сәби болғым келеді», «Фариза», «Мұқағали мәңгілік жыр», «Шолпан», «Бақыт деген не?», «Махаббат диалогы», «Ана, сен бақыттысың», «Сезім симфониясы», «Қыран», «Мұқағалиға арнау» шығармаларына композиялық қойылым қойып, жас мамандар жоғары деңгейде өз өнерлерін көрсетті.
Нәтижесінде:
I орын: №33 ЖОББМ, Д.Нүрпейісова атындағы БММ;
II орын: №41 МЛ, №47 ЖОББМ, «Оқушылар сарайы» МКҚК;
III орын: №19 ЖОББМ, №46 ЖОББМ, №49 ЖОББМ, №2 ЖОББМ, «Мектептен тыс жұмыс орталығы» МКҚК;
«Үздік сахналық композиция»- № 30 ЖОББМ
«Үздік орындаушылық ансамбль»- №24 ЖОББМ
«Үздік музыкалық композиция»- №31 ЖОББМ
«Үздік әртістік бейнені сомдау»- №27 МЛ
«Үздік сахналық костюм»-№23 ЖОББМ
«Үздік режисерлық қойылым»- Круглоозерный ЖОББМ
«Үздік орындаушылық шеберлік»-№29 НОМ
«Үздік поэзиялық орындаушы»-№3 ЖОББМ
Құттықтаймыз!

Today 1

Yesterday 33

This week 193

This month 914

All 18700

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска