“Қазақстаным-құт мекенім” сарайішілік онкүндіктің қорытынды марапаттау жиыны өтті

25 қазан- Республика күніне орай “Қазақстаным-құт мекенім” сарайішілік онкүндіктің қорытынды марапаттау жиыны өтті.

Онкүндік аясында үйірмеаралық «Қыран елім-Қазақстан» қол күрес сайысы, Қазақстан бейбітшілік мекені» тақырыбында асық атудан командалық сайыс, «Байтақ елім-Қазақстан» белсенді орта мектептері арасында қалалық сурет байқауы, «Мен елімді сүйемін» тақырыбындағы эссе байқауы, «Ұлы дала мұрагерлері» педагогтарға арналған интеллектуалды ойын, «Егемендік ел бақыты» кітапханашылармен кездесу кештері ұйымдастырылды.

Байқаулар мен сайыстарға қатысқан үйірме оқушылары мен жетекшілері салтанатты түрде марапатталды.

Барша қазақстандықтарды РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Today 102

Yesterday 51

This week 324

This month 913

All 32553

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска