«Егемендік ел бақыты» тақырыбында шара оздырылды

Бүгін 25 қазан-Республика күніне және 24 қазан- Кітапханашылар күніне орай Оқушылар сарайының үйірме оқушыларымен Орал қалалық кітапханалар жүйесінің Орталық балалар кітапханасымен бірлесіп «Егемендік ел бақыты» тақырыбында шара оздырылды.

Шараға Оқушылар сарайының директоры Ш.С.Сисенова үйірме тәрбиеленушілерін Республика күнімен, орталық кітапхана ұжымын Кітапханашылар күнімен құттықтап, Алғыс хат табыстады.

Шара барысында Мемлекеттік Әнұран орындалып, әрі қарай Тәуелсіздіктің тарихы, Қазақстанның жетістіктері, Ұлттық рух туралы ақпараттар айтылды. Сонымен қатар балаларға сұрақ-жауаптар, мақалдар жасырылып, көрмеге кітаптар қойылды.

Today 1

Yesterday 33

This week 193

This month 914

All 18700

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска