1 қазан- Халықаралық қариялар күніне шығармашылық кеш ұйымдастырылды

”Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде “Бірлік және Ынтымақ” құндылығын дәріптеу мақсатында “Қазан-тәуелсіздік пен отаншылдық айында” Оқушылар сарайында 1 қазан- Халықаралық қариялар күніне шығармашылық кеш ұйымдастырылды.

Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі- аталарымыз бен әжелеріміздің мерекесі. Қарияларды құрметтейтін, парызын ынтамен орындайтын, әдептілік, кішіпейілділік сезімдерін ояту біздің мақсатымыз бен міндетіміз болып қала бермек. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты деп Оқушылар сарайының оқушылары ата-әжелеріне арнап мерекелік көңіл-күй сыйлап, алғыстарын білдірді.

Today 13

Yesterday 22

This week 125

This month 170

All 21964

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска