«Ұлы дала мұрагерлері» атты қалалық зияткерлік ойыны

11 желтоқсан күні Қалалық білім беру бөлімі мен Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен
«16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай «Ұлы дала мұрагерлері» жас мамандар арасындағы қалалық зияткерлік ойыны өтті.
🔹Ойынның мақсаты: Білім берушілердің танымдық белсенділігін шыңдап, зияткерлік қабілетін дамыту, логикалық ойлау жүйесін жетілдіру.
🔹Ойынға қалалық білім беру ұйымдарынан Ахмет Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ «Ахмет жұлдыздары», №12 ЖОББМ–«жаStar time», №17 ЖОББМ – «AlashStar», №20 ЖОББМ – «Ақиқат», №22 ЖОББМ – «Жалын», №26 ЖОББМ – «Тәуелсіз жастары», №27 МЛ – «Шырақ», №38 мектеп-лицей «IQ-UP», №41 МЛ «Парасат», №43 ЖОББМ «Зияткер», Бауыржан Момышұлы атындағы №46 ЖОББМ «Batyr bolmys», Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 ЖОББМ «Қадыр қырандары», №48 ЖОББМ «Тұғыр», №50 ЖОББМ «Құндылық», Круглоозерный ЖОББМ «ЖАСSTAR», Серебряково ЖОББМ «Жаңаша қадам», МТЖО «МТЖО жастары», Оқушылар сарайы «OS жастары» командалары қатысып, бақ сынады. Зияткерлік ойын Салт-дәстүр, Өткен тарих, Қазіргі Қазақстан, Көкжиек, Ва-банк атты 5 кезеңнен тұрды.
🔹Тартысты зияткерлік ойын нәтижесінде Қалалық білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды:
1 орын- Серебряково ЖОББМ «Жаңаша қадам»;
2 орын- №43 ЖОББМ «Зияткер»;
3 орын -№10 ЖОББМ «Ахмет жұлдыздары».
Барлық қатысушы командалар «Оқушылар сарайы» МКҚК алғыс хаттарымен марапатталды.
Құттықтаймыз!!!

Today 25

Yesterday 41

This week 184

This month 905

All 18691

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска