«Тир» үйірмесі

«Тир» үйірмесі  24 сәуірде, сағат 16:00-де, 0 қабатта ұйымдастырылды. Өтілу формасы шеберлік сабақ ретінде өткізілді. Тақырыбы: Пневматикалық винтовкадан ату тәсілдері және автоматты бұзып жинау реті. Сабақтың мақсаты:ПВ-дан ату тәсілдерін үйрену. Патриотизмге, өз Отанын, халхын қорғауға әрқашан дайын болуға, әскери тәртіпке тәрбиелеу. Мұғалім ұйымдастыру кезеңінен кейін балалардан үй тапсырмасын тексерді. Атыс кезінде қауіпсіздік ережерін сақтау туралы айтылды. АК оқу автоматы, оны бөлшектеу және жинау ретін балалар уақытқа орындады. Ең аз уақыт 35 сек болды. Оқушыларға пневматикалық винтовка туралы түсінік берілді. Оқушылар әр түрлі тәсілде ату түрлерін көрсетті. Балалар 5метр және 10 метр қашықтықта нысананы, фигураларды және үрілген шарларды дұрыс техникамен атып көрсетті. Сабақ соңында эстафета болды. Балалар екі командаға бөлініп шарларды атып, жарысты. Сабақ қорытындыланып, үйге тапсырма берілді.

Үйірме жетекшісі: Кусдаулетов С.Ғ.

Today 13

Yesterday 33

This week 205

This month 926

All 18712

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска