Жабылу салтанаты

Жабылу салтанаты 28 сәуірде сағат 10:30-да 4 қабаттағы мәжіліс залында өтті. Жабылу салтанатына спорт бөлімінің барлық үйірме оқушылары және жетекшілер қатысты. Қонақтарға спорт бөлімінде өткен шаралардан бейне көрсетілім түсірілді. Оқушылар сарайының директоры Сандуғаш Жексембайқызы оқушыларды құттықтап сөз сөйледі. Шорабай Дінмұхамед ән салып, спорт бөлімінің меңгерушісі Саттар Аманғосұлы оқушыларға тілегін айтып, бокс үйірмесінің жас боксшыларын белсене қатысқаны үшін дипломдармен марапаттады.Әр үйірме бойынша белсене қатысқан оқушылар дипломдармен  марапатталды. Оқушылар флешмоб биледі. Кеш соңында барлық оқушылар Оқушылар сарайының ән ұранын орындап, естелік суретке түсті. 

Today 48

Yesterday 39

This week 48

This month 633

All 20693

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска