«Жеңіл атлетика» үйірмесі 24 сәуір күні сағат 14:30-да, жеңіл атлетика залында ұйымдастырылды. Сабақтың тақырыбы: cаптағы жаттығулар, жалпы дамыту жаттығулары. Эстафета. Мақсаты: Денсаулықты шынықтыру және сақтау, күш қабілетін жетілдіру. Дене жаттығуларын таңдауға мол мүмкіндік беру. Жалпы сергіту жаттығулары жасалды. Балалар 30 метрге қос аяқпен және бір аяқпен секіріп жүгірді. Әр түрлі жалпы дамыту жаттығулары жасалды. Балалар екі топқа бөлініп, эстафеталық жарыс өткізілді. Балалар барьердің арасынан өтіп, матадан секіріп жарысқа түсті. Екі команда арасында 30 метрге жүгіріп жарыстырылды. Екі команда төменгі сөреден 120 метр қашықтыта бірін бірі қуалай жарысты. Сабақ қорытындыланып, эстафета бойынша Сұңқар командасының оқушылары жеңіске жетті.
Үйірме жетекшілері: Куватов Р.Б., Орынбаев Н.Ж.