Бүгін “Eco startup” үйірмесінде “Табиғи жасыл экоөнімдер” тақырыбында ата-аналар мен оқушылардың біріккен жұмысы аясында шеберлік сыныбы оздырылды.
♦️ Шеберлік сыныбының мақсаты: Табиғи жасыл экоөнімдерді дайындаудың негізгі қағидаларымен таныстыру. Экологиялық таза және денсаулыққа пайдалы өнімдердің артықшылықтарын түсіндіру.
Ата-аналар мен оқушылар өсіп-өнген күнбағыс, бақша асжапырағы (шпинат) асбұршақ, маш микрожасылдардың өсіп -өнген жасыл өскіндерімен танысып, әр түрлі салаттар мен смузилер жасап, практикалық жұмыстар жасады.
♦️ Шеберлік сыныбы соңында ата - аналар мен оқушылар шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
♦️ Үйірме жетекшісі: Каберова Замзагул Файзуллиновна.