“Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты” оқушылары шеберлік сағаттарына қатысты

2024 жылдың 1 қазаны мен 1 қарашасы аралығында «Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығы аясында бүгін Оқушылар сарайына “Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты” оқушылары келіп шеберлік сағаттарына қатысты.

Оқушылар Гүлзар алаңына саяхат жасады, тірі табиғат бұрышымен танысты. “Робототехника” үйірмесі мен “Маленькие фантазеры” мүсіндеу үйірмесіне қатысып жұмыстанды. Қорытындылай келе Оқушылар сарайының педагог-психологы Б.Ж. Сариева балалармен тренинг өткізіп, би билеп, жылы лебіздер мен тілектер айтылды.

Today 13

Yesterday 22

This week 125

This month 170

All 21964

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска