Шебер қолдар мерекесі

Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні Оқушылар сарайында «Жас суретші» және «Сәндік қолданбалы өнер» үйірме жетекшілері Алина Тлемберлиева және Гүлдерай Алғалиевалардың ұйымдастыруымен «Моншақтан түрлі бұйымдар жасау» және «Теңіз пейзажы» тақырыбында шеберлік сыныптары өтті.      

Шараның мақсаты: тәрбиеленушілерді әр түрлі бұйымдармен жұмыс жасауға, оны сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылдыру, шығармашылық ізденімпаздыққа, ерінбей еңбек етуге тәрбиелеу.      

Шеберлік сыныбында тәрбиеленушілер сурет салып, моншақтардан түрлі бұйымдар жасады.       

Шара соңында жұмыстар қорытындыланып, ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Today 127

Yesterday 30

This week 157

This month 217

All 40296

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска