«Актерлік шеберлік» үйірмесінің «Қазақ сахнасындағы әйелдер бейнесі» тақырыбында сахна көрінісі

 17 наурыз сағат 16:00-де ғимараттың мәжіліс залында Е.Е.Тазболатовтың жетекшілігімен «Қазақ сахнасындағы әйелдер бейнесі» тақырыбында сахна көрінісі қойылды. Мақсаты: оқушыларға актерлік өнерді сахна кейіпкерлері арқылы, қоғамға деген көзқарасын қалыптастырып, ойларын еркін, толыққанды әрі нақты жеткізуге болатындығын түсіндіру. Сахна мәдениетін сақтауға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа сай, таттары аңызға айналған Томирис ханшайым, Дина күйшіні, Шара бишіні, Күләш әншіні, мерген Әлияны, жаужүрек Мәншүкті, ұшқыш Хиуаздың бейнелерін бір қойылымға сыйғызып, композициялық көрініс көрсетті. Әр қойылымнан соң оқушылар жұмыстарын талқылап, талдап отырды.

Today 1

Yesterday 118

This week 187

This month 7282

All 51641

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска