«ART», «Қастеев ұрпақтары» үйірмесі оқушыларының қатысуымен шеберлік сағаты өтті.

 16 наурыз сағат 15:00-де А.М.Тлемберлиева мен Қ.Е.Кенжеғалиевтің жетекшілігімен «ART», «Қастеев ұрпақтары» үйірмелерінің тәрбиеленушілері бірігіп, «Сухая пастель», «Акварель мен силуэт» тақырыптарында шеберлік сағатын ұйымдастырды. Шеберлік сағатының мақсаты: «ART» үйірмесінде матаға сурет салудың түрлі техникаларын, бояудың салқын және жылы түстерімен таныстыру болса, «Қастеев ұрпақтары» үйірмесінде көзге көрініп тұрған нәрсені салуды алыстаған сайын кішірейтіп көрсетуді, жақын жердегі көріністермен салыстыруды үйрету, акварельдегі сорғыту техникасымен таныстыру. Сабақ барысында оқушылар үлкен қызығушылықпен жұмыстанды. Шеберлік сағатына көрермен болып келген ата-аналар тарапынан, ата-аналарға арналған шеберлік сағатын өткізу туралы ұсынытар түсті. Шеберлік сағаты өз мақсатына жетті.

Today 39

Yesterday 91

This week 220

This month 1302

All 37764

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска