“Жасанды интеллект және оның перспективасы” тақырыбында педагогикалық кеңес өтті

🔹Бүгін Оқушылар сарайында I жартыжылдық қорытындысына арналған “Жасанды интеллект және оның перспективасы” тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
🔹”Жасанды интеллект: Оқытушыларға арналған жаңа мүмкіндіктер” атты бірінші бөлімде “Робототехника” үйірмесінің жетекшісі А.Х. Мергенбаева педагогтарға цифрлық әлемнің артықшылықтарын айтып, жасанды интеллект туралы өз білімдерін үздіксіз жаңартып, жетілдіріп отыру арқылы сабақ барысында қалай тиімді қолдану керектігі жөнінде ақпарат берді.
🔹Педагогикалық кеңес барысында педагогтарға толықтай ақпарат беріліп, тәжірибелер мен кері байланыстар алынды. ChatGPT, Telegram бот арқылы педагогтар өздеріне қажетті ақпараттарды жылдам алу арқылы, уақытты үнемдеудің маңыздылығына көңіл бөле білді.
🔹Екінші бөлімде педагогтарға “Ustaz” платформасы мен биылғы оқу жылында аттестациядан өтетін педагогтарға нұсқаулықтар берілді.
🔹Педагогикалық кеңес соңында Оқушылар сарайының директоры Ш.С. Сисенова бірінші жартыжылдықты қорытындылап, алдағы жұмыс барысы мен жоспарларға тоқталды.

Today 27

Yesterday 41

This week 186

This month 907

All 18693

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска