«Салауатты өмір салты-салауатты жас ұрпақ» атты онкүндігі ұйымдастырылды.

24 -28 сәуір аралығында   cпорт бөлімінің «Салауатты өмір салты-салауатты жас ұрпақ» атты онкүндігі ұйымдастырылды.

Ашылу салтанаты: 24 сәуір сағат 10:30 да «Оқушылар сарайы» МКҚК  спорт бөлімінің «Салауатты өмір салты-салауатты жас ұрпақ» атты онкүндігінің ашылу салтанаты оздырылды. Онкүндіктің мақсаты: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық  мақаласын  іске асыру аясында   оқушылардың спортқа қызығушылықтарын  арттырып,  салауатты өмір салтын насихаттау.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.

Денсаулық-зор байлық, - дегендей, бүгін үздік дамыған елдермен терезесін теңестіруді көздеген елімізде тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын келешегі – жас ұрпақтың дені сау, жан-жақты дамыған, кез-келген тәуекелдерге төтеп бере алатын мықты тұлғаларды тәрбиелеуге үлес қосу. ОТЖДО Алмагул Жақсылыққызы алғашқы құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды.

«Аэробика» үйірмесінің жас жеткіншектері «Нәзік» биін биледі.

Today 32

Yesterday 41

This week 191

This month 912

All 18698

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска