Оқушылар сарайы қонақтарды қарсы алды

Бүгін Оқушылар сарайы “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы” КММ мекемесінен келген оқушыларды қабылдап, танысу жұмыстарын жүргізді. Жетекшілері мен оқушылары сарай ішіне саяхат жасап, өз әсерлерімен бөлісті.