Жаңа жылдық қойылым

🔹”Біртұтас тәрбие” бағдарламасының “Шабыт” жобасы аясында 27-28 желтоқсан күндері Оқушылар сарайының үйірме оқушыларына “Қошқар мен Теке” атты театрландырылған қойылымы өтті.
🔹Аяз ата мен Ақшақардың ерекше сыйлық алып келетінін естіген қошқар, теке, қасқыр, түлкі өзара тартысқа түсіп, әрқайсысы сыйлыққа ие болғысы келеді. Қойылымның мақсаты: Балалардың достық құндылықтары туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру, сыйластық туралы түсінік беру, бір-бірімен тату дос болуға тәрбиелеу. Өтірік айту, алдау сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
🔹Қойылым барысында ертегі кейіпкерлерінің арқан тартыс, жекпе-жек, қара жорға, қамажай ойындары мен билері ерекше болып, ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын оятып, қойылым кейіпкерлері әр баланың жүрегінен орын алды. Адалдық пен достық жеңіске жетіп, Жаңа жылдық шыршаның оқушыларға арналған ертеңгілігі жоғары деңгейде өтіп, ата-аналардың алғысына ие болды.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!!!