Биыл ұлттық валютамыз – теңгенің айналымға енгеніне 31 жыл толды. Төл теңгенің тарихы 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Президентінің қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алады. Валютамыз 15 қарашада ел аумағындағы жаңа сауда-саттық жасау құралы ретінде қолданысқа енді.
Теңге – бұл жай ғана валюта емес, ол еліміздің тарихы, дәстүрлері мен даму жолының символы.
Осы атаулы күнге орай Оқушылар сарайында егемен елдің айшықты таңбасы ретінде белгіленген төл теңгенің тарихын өскелең ұрпаққа түсіндіру мақсатында үйірме оқушыларына арналған интеллектуалды ойындар мен викториналық сұрақтар ұйымдастырылды.
Ұлттық валюта күнімен және кәсіби мерекемен барлық қазақстандықтарды, жерлестерімізді, қаржы жүйесінің қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймыз.
Еліміздің валютасы күннен күнге нығайып, әрбір отбасына молшылық пен құт-береке әкелсін.