2024 жылдың 20 қыркүйек күні «Инженерлік білімді дамыту» қоры, «Арман Инжиниринг» ЖШС мен «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры және Батыс Қазақстан облысының білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының бірігіп ұйымдастыруымен “Оқушылар сарайы” базасында «Болашақ инженерлер» жобасына қатысқан білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған «R:ED FEST» робототехника бойынша ашық халықаралық фестивалінің облыстық кезеңі өткізілді.
Фестиваль 4 санат бойынша өтті:
1. Сызық бойымен қозғалыс;
2. Сумо;
3. Эстафета;
4. Шығармашылық санат.
Фестивальге «Болашақ инженерлер» жобасына енгізілген ауыл мектептерінен барлығы 50 команда 79 оқушы қатысты.
Байқау жеңімпаздары Астана қаласында өтетін 27 қазан республикалық, 28 қазан халықаралық кезеңге қатысады.