“Жүрек-қантамырлар жүйесі”тақырыбында ашық сабақ өтілді

♦️ Бүгін “Биотомия” үйірмесінде “Жүрек-қантамырлар жүйесі”тақырыбында ата-аналар мен оқушылар арасында ашық сабақ өтілді.
♦️Сабақ мақсаты: Жүрек-қантамырлар жүйесі бойынша білімдерін тиянақтау мақсатында түрлі тапсырмалар орындату. Топтық жұмыстарды тиімді пайдалану.
♦️Сабақтың түрі: Жүрек-қантамырлар жүйесін STEM жобасы бойынша сабақты сурет, технология, инженерия бағыты арқылы түсіндіру
♦️Оқушылар сабақ барысында жүрек құрылысының суретін салып, қанайналым жүйесін технология бойынша макетін құрды. Сонымен қатар қан құрамы мен құрылысын инженериялық құрылғылармен жіктеді.
♦️Сабақ соңында ата-аналар алған әсерлерімен бөлісіп, оқушыларға тілектерін арнады.
♦️Үйірме жетекшісі: Құрманбаева Динара Құралбайқызы