“Заманауи ұлттық ойындар” тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді

♦️ “Балапан” үйірмесінде “Заманауи ұлттық ойындар” тақырыбында балалармен және ата- аналармен бірлескен шеберлік сыныбы өткізілді.
Шара барысында ата- аналар балалармен бірге ұлттық ойындардың түрлерімен “шертпек”, “ шаңырақ”, “оюлы текемет”, шахмат әдісімен ұлттық дәстүрге байланысты ойындарды қызыға ойнады.
♦️ Шеберлік сыныбының мақсаты: ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
♦️ Шеберлік сынып соңында ата -аналар өз ризашылығын білдіріп, тілектер айтылды.