«Сәлем,бұл – менмін!» атты сарай ұжымына арналған психологиялық тренинг

Орал қалалық білім беру бөлімінің  «Оқушылар сарайы» МКҚК-сында сәуір айының 27-і күні ұжым педагогтарына арналған психологиялық қызметтің ағартушылық  бағытына байланысты «Сәлем,бұл – менмін!» деген тақырыбында осы мекеменің педагог-психологы Сариева Бану Жауынбайқызының ұйымдастыруымен психологиялық тренинг сабақ өтілді.

Бұл шараның негізгі мақсаты: ұжымға жаңадан қабылданған педагог мамандардың бір-бірімен етене танысуына мүмкіндік беру; өзара сыйластық, достық, түсіністік қарым-қатынас орнату. Сондай-ақ психологиялық тренингтер туралы жалпы түсінік және олардың жіктелуі, заңдылықтары туралы мәлімет беру.

Тренинг сабақ барысында әріптестер бір-бірімен жете танысып, өзін-өзі түсіну; тұлғалық даму тәсілдерін табу; өзінің және өзгенің даралығын бақылау; көңіл-күйді көтеру; сезім мен эмоцияны реттеу; ойдың икемділігі мен тапқырлығын талап ету; қарым-қатынастың жаңа дағдыларын өз бойына қалыптастыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту; қарым-қатынас жағдайында басқаларды түсінуге, өз-өзін реттеуге арналған психологиялық тренинг жаттығулары орындалды. Педагогтар өте белсенді қатысты.